\"БОТА КӨЗДЕРІҢ\"
ƏНІ: Ғазизхан Шекербеков
СӨЗІ: Ершат Қайболдин
1. Ойда жоқта біз кездескен кезден,
Жүрегіңде сыр жатқанын сезгем,
Сездім күлсеңде,
Байқатпай жүрсеңде.
Сезіміңді жеткізе алмай сөзбен,
Сөздеріңді ұқтырасың көзбен,
Маған жұмбақсың,
Сол үшін қымбатсың.
-
Қайырмасы:
Бота көздерің ойландырады да,
Бота көздерің қайран қылады да.
Басымды менің айналдырды ма?
Бота көзің сенің мөлдірегенде.
-
2. Терең ойға батырасың мені,
Сонда менен жасырасың нені?
Айтшы шыныңды,
Жасырмай сырыңды.
Көз жаңарың сөз жұмбақ қой сенің,
Сөз жұмбақты сөзсіз шешер едім,
Болса сауалы,
Табылар жауабы...
-
Қайырмасы
Бота көздерің ойландырады да,
Бота көздерің қайран қылады да.
Басымды менің айналдырды ма?
Бота көзің сенің мөлдірегенде.
-
Қайрат Нұртас & Ғазизхан Шекербеков еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2