Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қайрат Нұртас & Төреғали Төреәлі - Қазақ қыздары (2015) | Текст песни

Қазақ қызы – намысым, сыңғырлаған сезімдей,

Айша бибі, Домалақ аналардың көзіндей.

Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіндей,

Намысыңды ерлерің қорғаса екен көз ілмей.

Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған,

Ләззатым мен Сәбирам – гүлім еді жайқалған.

Фаризам мен Марфуғам елдің сөзін айта алған,

Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман.

Күләшім мен Майрам бар, осыдан біл анам кім?

Бибігүл мен Роза апам – шоқ жұлдызы ғаламның.

Мәдина апам жезтаңдай - «Ақбаяны» даламның,

Қыздарың бар осындай, кім қазаққа тағар мұң?!

Қызым, туған батыр боп, ар сатуға хақың жоқ!

Аналарды кешегі аңсатуға хақың жоқ!

Қабырғасын халқымның қаусатуға хақың жоқ!

Қазақ қызы, жаныма сенен артық жақын жоқ.

Әдебиетте Айман мен Шолпан қызды-ай жыр еттің,

Күй ойнаса Дина апам, қылын шерткен жүректің.

Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің,

Қазақ қызы, сендерге ең тәттісі тілектің.

Бір қыз маған жар болып, көңілімді байытсын,

Дархан дала мен болсам, Ертіс, Еділ, Жайықсың.

Болсам егер ескегің, көлде жүзген қайықсың,

Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың.

Другие названия этого текста
  • Кайрат Нуртас & Торегали Тореали - Қазақ қыздары қазақ жігттеріне ғана лайық (0)
  • Қайрат Нұртас & Төреғали Төреәлі - Қазақ қыздары (2015) (0)
  • Sula - 24 (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-