1. Біз екеуміз көкте самғадық, Әнге бөлеп айналаны. Кешір жүрек бола бермейді, Адамдардың ойлағаны.
Қайырмасы Сағыныштан күзгі бақтарда, Сені іздермін жалғыз-жалғыз. Сен есіме түскен шақтарда, Селдетермін жалғыз-жалғыз. Сендей сірә болмас ақ қар да, Сендей адам жалғыз-жалғыз. Сендей сірә болмас ақ қар да, Сендей адам жалғыз-жалғыз.
2. Махаббаттың салдық өрнегін, Қимастықпен қарай-қарай. Тулаған қан жарты жүрекпен, Өмир сүрем қалай-қалай?
Қайырмасы
3. Бір күндері мен де ұмытармын, Күндер өтер күрең-күрең. Арман еді мені адастырған Қол жетпесін білем-білем.