Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айқын - Алтыным менің | Текст песни

Қарагөз, ең алғашқы сүйген қызым,
Көктемім, жазым менің, күзім, қысым.
Армандап, жыл мезгілін қалай күтсем,
Олда менің көптен күткен аққу құсым!
Қалап ем махаббаттың қалам-қасын,
Қолдан ұштың қанатты қарлығашым!
Аймалап аялаған күндерімді
Қалайша сен есіңнен шығарасың!?

Қайырмасы;
Алтыным менің,
Кете бардың амалым жоқ, қала бердім
Жүрегім кеудеме симайды-ау
Сол менің жүрегімді қинайды х2
Алтыным...

Күте, күте сарғайдым хаттарыңды
Сағынышым жыр болып ақтарылды.
Мен ғана жалғыз сені сағынатын,
Ойлап тұрсам осы бір шақтарыңды...
Ұмыттың ба жастықтың көп күндерін!?
Сол жылы алма-ағаштар көп гүлдеді.
Сол жылы көрші үйдін баласына
Мәңгілікке айырбастап кеттің мені...

Қайырмасы;
Алтыным менің,
Кете бардың амалым жоқ, қала бердім
Жүрегім кеудеме симайды-ау
Сол менің жүрегімді қинайды х2
Алтыным...

Айқын еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1