Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айқын Төлепберген - 30 асып барамын /ib_kazminus/ | Текст песни

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-анамың
Артынан еріп барамын.

Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытын тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:

Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.
Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.

Қайырмасы:

Другие названия этого текста
  • Айқын Төлепберген - Отыздан асып барамын (30 асып барамын) (0)
  • Айқын Төлепберген - 30 асып барамын ----- МИНУС (0)
  • Айқын Төлепберген - 30 асып барамын /ib_kazminus/ (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-