Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айқын Төлепберген - Армандастар | Текст песни

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік!
Бәрімізде жазылмаған дастан едік
Армандастар, Құрдастар!

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда? Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар кайда екен!!!

Арман қуған, қиял қуған кезім қайда
Құрбы қыздар мөлдіреген көзім қайда
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда
Армандастар, құрдастар!!!

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда? Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар кайда екен!!!

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме
Қайдасыңдар, құрдастар?

Другие названия этого текста
  • Маргулан Нурмагамбетов - Армандастар (0)
  • Айкын - Армандастар (0)
  • Айқын Төлепберген - Армандастар (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-