Көгілдір аспаным күркірегенде Жаңбыр тамшыларын үнін естігенде Мен бастайыншы баяндап.. Бір мектептен білім алдық, дос болып екеуміз Ойнап күліп талай күндер өткізгенбіз о-о-о Қалай махаббатқа айналды білмеппіз
Армандаумен өтер күндер Сезімімді бұл ән шертер Түсінші сен мені Тек алыстап кетпеші(2)
Сол күннен бастап екеуміз бірге Махаббат ошағын құрдық сезімге Жүрекке өшпестей таңба салдың Сен білесің бе гүлім ау Нәресте сүйгім келеді өзіңнен Қолым жіпсіз байлауда қайтемін мен о-о-о Амалым не қарсы болса әке-шешең
Армандаумен өтер күндер Сезімімді бұл ән шертер Түсінші сен мені Тек алыстап кетпеші(2) Тек алыстап кетпеші Арманым бір өзіңе арналады әнім(2)
Сағындым сені Сағындым сені арманым Жанымда жоқсың Неліктен мен ұға алмадым Тағдырдың тәлкегі Келіспе ой санаммен Жүрекке әмір жүрмейді Тек сен деп назданамын мен