Сам жамырап, жарқырады самалы
Кел, қалқатай, кел қаланы арала
Бақыттылар байқамайды уақытты
Сағатыңа әлсін-әлсін қарама
Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада
Арала, сәулем, арала
Серуен қалар есіңде
Алматы рахат кешінде
Кел, баралық, көк белеске, тау жаққа
Аралайық, сырласайық аулақта
Жамылайық жапырақтың желегін
Қолымыздан гүлдер еккен бау-бақта
Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада
Арала, сәулем, арала
Серуен қалар есіңде
Алматы рахат кешінде
Өтер күндер, өтер дәурен жастық шақ
Жастық жақсы жарасқанда жас құсап
Жүректерде сөнбесін де, от-жалын
Жазылмасын, жазылмасын дос құшақ!
Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада
Арала, сәулем, арала
Серуен қалар есіңде
Алматы рахат кешінде
Акбота Керимбекова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4