Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Акмарал - Жалғыз (минус) | Текст песни

Жалғызым, сен туралы естеліктердің бәрін де жоюға тырысам... Өмірде қанша қуансам да, сенімен бірге болмайтыным есіме түссе, жалғыз сол ғана қайғым өмірлік қуаншымды жеңіп әкетеді. Саған деген сезімім соншалық, тіпті, алтын ғұмырымды беруге дайын болғам... Қазір бәрі де кеш... Мені кешір... Жалғыз...

Мұңайма, менің өміріме сән бердің,
Жылама, жаным, сені сүйем әлде де.
Қайда қалды, маған берген сертің?!
Ойлама, ендігі сен де мені...

Сезгендей бір жамандықты, жүрегім әлсін соғады,
Өзінің білмей әлін, қайдағы-жоқты ойлап тұрады.
Жалғыз ғана жүрегім, сенімен өткен әрбәр түнім
Есімде қала береді, одан жүрекке енеді.
Егер, қаламасаң, менің сөздерім көкке ұшты,
Айтуға оңай екенін білем, жаным, мен де ұқтым.
Келеріңде, жаныңның мұңдарын жинап әкелме
Көтере алмаймын, мойнымда ауырлық тұр әрең деп.
Сенімен болған жағдайды ұмыту қиын, білем,
Сені сүйемін, сен де сүйесің, жаным, оны білем.
Арамыз алыс болды ма, неге қосыла алмаймыз?!
Тұңғиық, терең көл жатса да, қазір болған таяз.
Жаныма жақын жандарды ешқашан тастамаушы едім...
Сенің әдетіңді үйреніп, ерекше күй кештім.
Менің мұздай қатқан жүрегіме енді жолама!
Мен жылыта алмаймын, қанша жерден тоңсаң да...

(Жаным) Сенің менен көңілің қалды ма?
Керек болсам, тізерлерсің алдымда.
Енді маған мұң-жырларыңды айтпа...
Саған деген ойларымды жинап алам қайттан. (2х)

Мұңайма, менің өміріме сән бердің,
Жылама, жаным, сені сүйем әлде де.
Қайда қалды, маған берген сертің?!
Ойлама, ендігі сен де мені...


Акмарал еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-