Көк шыршамыз ырғалып Жатыр дала қыр нағып Жылым келді аппақ жүзі нұрланып Жарасатын еліме, Төрлет жылым төріме ! Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !
Қайырмасы : Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр . Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр. 2 Шыршамызға шам жағып, Қараймыз ғой тамсанып, Би билейік, ал кәнекей ән салып !
Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз, Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз ! 3 Күлімдесін күніміз, Жалындасын жүзіміз, Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !
Жаңа жылым шаттығым, Арайланып атты күн, Тілейікші елімізге сәтті күн .! қ-сы