Алайын мен қолыма гитарамды, Айтайын жасырмай сырларымды, Айтайын бастан өткен күндерімді, Айтайын түрмедегі әндерімді... (2) Атыңнан айналайын асыл анам! Ақтөбе түрмесінде жатыр балаң... Дүние не боларын білмей қалдым Босатса қайда барам қайда тұрам? (2) Есік темір бәрі темір... Жалғыз тесіктен тамақ берер, Түрмеде жас бала бар балдар да бар, Сүйегі қаусыраған шалдар да бар. (2) Көп болды ақ төсекке жатпағалы, Көп болды тәтті тамақ татпағалы, Көп болды ата-ананың жүзін көрмей, Көп бауырларды сағынғалы. (2) Жатырмын Ақтөбенің түрмесінде... Түрмесі хом зауыттың іргесінде, Достарым сендерге айтар ақылы сол, Іпшпеңдер арақ деген сол бір қайғы! (2) Қиын ғой қамаудағы өткен өмір... Достарым мен сендерді сағындым ғой! Жатқанымда Ақтөбенің түрмесінде... Бір келіп хабарымды білмедің ғой! (2)