Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қалқаман Сарин - Қазақтың қыздарының бәрі жақсы (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) | Текст песни

Қазақтың қыздарының бəрі жақсы,
Қасиет, құт дарыған жаны жақсы.
Жасырған ар-ұятын, абыройын,
Басында орамалы бары жақсы!

Басында орамалы бары жақсы,
Жасында отау құрса тағы жақсы.
Əулетке нəубет келмей қара кимес,
Əлбетте, орамалдың ағы жақсы!

Əлбетте, орамалдың ағы жақсы,
Ондай қыз болар ердің жары жақсы.
\"Қызына қырық үйден тыйым\" салып,
Бабалар айтқан сөздің мəні жақсы!

Бабалар айтқан сөздің мəні жақсы,
Аналар айтқан сөздің нəрі жақсы.
Алланың аманатын орындаған
Алаштың қыздарының бəрі жақсы!

Қалқаман САРИН

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-