Балғын дәурен, балауса кезiң қандай,
Гүл бағында балқиды сезiм балдай.
Құрбым, осы бақытты сезiне алмай,
Кейiн налып жүрмейiк, кезiге алмай.
Жүрегiмде махаббат ән тербетер,
Бағалайық бақытты, жан тербетер.
Мұңға батып қалмасын, көңiл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмiр өтер.
Ешкiм бiзге, аяулым, бал ашпайды,
Қалауына жүректiң таласпайды.
Жүрек үнін тындаған адаспайды,
Ешкiмге де жалғыздық жараспайды.
Жүрегiмде махаббат ән тербетер,
Бағалайық бақытты, жан тербетер.
Мұңға батып қалмасын, көңiл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмiр өтер.
Арманның мекенi алыстап кетедi,
Жастығың өтедi қас қағымда...
Бағың да таймасын, көңiлiң сайрасын,
Өмiрiң жайнасын жас шағыңда.
Жүрегiмде махаббат ән тербетер,
Бағалайық бақытты, жан тербетер.
Мұңға батып қалмасын, көңiл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмiр өтер.
Аламан тобы еще тексты
Сейчас смотрят
- Аламан тобы - Бакытты багалайык
- 7 мостов - Хотя,на самом деле-я скучаю.С кем-то,где-то пропадая ночами... Сук валом,но не найти такую,как ты.
- Бабко...любима...помню,люблю,сумую**я тебе ніколи не забуду** - Вічная тобі память...ти завжди у наших серцях бабусю...*
- Штакет - Сосач
- Д. Арбенина - Время года зима, время года терять...
- Д. Арбенина и Ночные Снайперы - Атлантида (Береги меня)
- Кто ТАМ? (Machiavelli ) feat. Сенс - теперь я ненавижу февраль. Прости,я врал или обманывал,это не главное. Нам надо держаться подальше,чтобы глаза мои уставшие не узнали тебя. Была б ты блядью,была...
- Roda Cap na Neve - Oi,sim,sim,sim
- ВЧ - Мы рядом
- Игорь Николаев - Ты не обижайся, я скучаю - дорогая моя! Ты же точно знаешь, в этом мире я живу для тебя. То, что вместе мы с тобою это счастье выше небес, Он все это вновь перечитал, а после стер смс.
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4