Мариям Жагор деген орыс қызы,
Он алты, он жетiге келген кезi,
Қазаққа Дудар деген ғашық болып,
Сондағы Мәриямның айтқан сөзi!
Қайырмасы:
Дударари-дудым,
Бiр сен үшiн тудым!
Шiркiн-ай, Дудара-ри-дудым!
Дудар-ай, ақ боз атты жемдедiң бе,
Жерiңе уағда айтқан келмедiң бе.
Жерiңе уағда айтқан келмей қалып,
Мәриям заты орыс деп
сенбедiң бе?
Ащыкөл, Тущыкөлдiң арасы бiр,
Басыңа кәмшат бөрiк жарасып жүр
Дудар-ай, келер болсаң тезiрек кел,
Орныңа өңкей жаман таласып жүр.
Алгибай Ердаулет еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1