Көңіл-күйің жақсы болса ырзасың Көңіл-күйсіз, жүрегің де қорғасын. Көңіл-күймен жүрген кезде,дос түгіл Дұшпаның кеп,амандасса,ырзасың.
Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы, Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!
Көңіл күймен қараңғы түн арайлы, Жұлдыздар да жымың қағып қарайды. Көңіл-күймен қыстың өзі көктемдей, Жүрегіңе бір жылылық тарайды. Көңіл-күймен салған ән де әсерлі Көңіл-күйсіз жібересің есеңді. Әр күніңді көңіл-күймен өткіз де, Келер күнді көңіл күймен тос енді...
Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы, Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!