Жанарыңнан жумып кейде нұр сіңген Кездескенде арман атты тылсыммен Ту сыртымнан үп еткенде самал жел Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген Ту сыртымнан үп еткенде самал жел Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген
Ғашықтардың басындағы хал бөлек Ғашықтарды тербететін ән керек Жаңбыр жауса тырсылынан оянам Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп Жаңбыр жауса тырсылынан оянам Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп
Бермеседе жүрегіме жыр тынам Айтар ойды айта да алмай іркілдеп Көздерімді жұмған сайын үп еттің Тым болмаса болмаппын ау кірпігің Көздерімді жұмған сайын үп еттің Тым болмаса болмаппын ау кірпігің
Тілін тапсаң айтады екен тас та мұң Керегі жоқ керегі жоқ басқаның Алақаның аялайтын тарақтап Тым болмаса болмадымба шаштарың Алақаның аялайтын тарақтап Тым болмаса болмадымба шаштарың
Бұл өмірден қайғы көрмей жүр аман Басқа тілек мен тағдырдан сұраман Күн астында сыңғырласа күміс су Сенің күлкің естілгендей куанам Күн астында сыңғырласа күміс су Сенің күлкің естілгендей куанам
Бұл өмірдің бәрі жалған өткінші Аз ғұмырда көп қуанып көп күлші Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн Көздеріңе ғашық болып өтсінші Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн Көздеріңе ғашық болып өтсінші Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн Көздеріңе ғашық болып өтсінші