Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алихан Дуйсенбай - Туган жердин самалы | Текст песни

Қарттары бар қазыналы бағалы
Кім сүймейді өзі туған даланы
Сағынышым жанымды өртеп барады
Туған жердің самалы

ҚАЙЫРМАСЫ
Құшағы ашық көңілдері баладай
Тұра құшар бейтаныс деп қарамай
Мейірімі мәпелеген анадай
Менің туған даламай

Талай асыл дарындарды төл еткен
Ақындары туған елін жыр еткен
Мен өтермін сені сүйген жүрекпен
Әппақ адал тілекпен

ҚАЙЫРМАСЫ
Ұлы асқақ ар намысын ту еткен
Қызы сұлу Баянменен Жібектей
О туған жер жаныма әсем гүл еккен
Әппақ адал тілекпен

Жігерінің жалындатып оттарын
Тал бойыма білім отын жаққаның
Бар ағайын маған ыстық аттарың
Жана берсін бақтарың

ҚАЙЫРМАСЫ
Қайда жүрсен қайран елім ақтаңым
Сендай мекен жер бетінен таппадым
Сағынышпен босағаңды аттадым
Әлдейлесін ақтаным
Құшағы ашық көңілдері баладай
Тұра құшар бейтаныс деп қарамай
Мейірімі мәпелеген анадай
Менің туған даламай
Мейірімі мәпелеген анадай
Туған жердің самалы - ай


Алихан Дуйсенбай еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
Нет видео
-