Өмір деген ұстаз білгенге
Көңіл қымбат жерде жүргенге
Оңай емес өмір сүргенге
Күресіп жеңген жақсы
Дегеніне бәрі жеткенбе
Өмір сыйын берген күткенге
Керек емес күнім біткенде
Ғұмырлы етсін жастық
Қайырмасы:
Ай-ай өмір, ай-ай өмір-ай
Кімге қымбат кімге арзан өмір-ай,
Бірде арман бірде жалған өмірің-ай... (2рет)
Тұншықтырған өмір суына
Мастандырған байлық буына
Сөйлемесең сөзді орында
Уландырған ұлына
Таң қалдырған сағым өмір-ай
Тамсандырған бәрін өмір-ай
Жар салдырған әнін өмір-ай
Жүрекке берген жалын
Қайырмасы:
Ай-ай өмір, ай-ай өмір-ай
Кімге қымбат кімге арзан өмір-ай,
Бірде арман бірде жалған өмірің-ай... (2рет)
Тоқтата алмас сені ешкімде,
Көшіре алмас сені көшкінде
Тәуелді емес өмір ешкімге
Тек заңдарын кеш білме...
Алишер Каримов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1