Елді ойлап болу үшін шерменде,
Тәңір маған таза ниет берген бе?
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Хош иісті әдемі гүл көргенде.
Жамандықты көрсем егер ыршыдым,
Жалғасымын кешегі ақын, жыршының.
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Көктемеде ағаштардың бүршігін.
Жетелейді шырқау шыңға ұлды арман,
Өлеңімде арман жайлы жырланған.
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Жарық айды түнгі аспанда нұрланған.
Шалқар шабыт ішке сыймай қыстады,
Мендік сезім дайын құс боп ұшқалы.
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Қардың әппақ әр ұлпасын қыстағы.
Көмейінен отты сөздер төккен дүр,
Ақын жаны – аққу қонар көк көл бір.
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Гүлге тұнған таңғы шықты мөп-мөлдір.
Қадірлейік жақсылықтың жаршысын,
Жақсы адамға сілтемеген қамшысын.
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Жазда жауған ақ жаңбырдың тамшысын.
Ғалам жайы ет жүрегін тілімдеп,
Дұғасында ол Аллаға жүгінбек.
Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар,
Күнді-дағы көкте тұрған күлімдеп.
Алпамыс ФАЙЗОЛЛА еще тексты
Сейчас смотрят
- Алпамыс ФАЙЗОЛЛА - Бір ақынның жүрегі деп ұғыңдар (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)
- ГРОТ - Безнаказанность[Не прыгай в бешенстве и не упирайся лбом, Тебе ответят небеса солидным залпом!]
- Песни из кинофильмов - Один за всех и все за одного (Три мушкетёра)
- go-go - The Sky's The Limit (Gossip Girl - season 4)
- Юлия Герко - Я скучаю по тебе, любимый мой!!!
- Машина Времени - Время (Нам уготовано, мальчик мой...)
- In Flames - Siren Charms - 13. Become the Sky
- Linkin Park - In The End (Live In Red Square, Moscow, Russia)
- Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Сағынамын
- Где-то далеко - где-то далеко, где-то далеко, на краю земли, на краю землии, соловей поет песню о любви, о моей любвии, рядышком с тобой, рядышком с тобой, я с тобой стою, я с тобой стоюю, тихо прошепчу "я тебя люблю, я тебя люблююю"
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2