Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алпамыс ФАЙЗОЛЛА - Жер (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) | Текст песни

Жаратушы беретін ғаламға нұр,
Жер арқылы сыйлады маған дарын.
Өскеніммен қалада,
Асфальтке
үйрене алмай қойды ғой табандарым.
Таста өскен пенделер кердең білем,
Ақындарға жайлауда келген жыр-ем.
Табан қажып, безбүйрек асфальттен,
Жол шетіне шығып мен жермен жүрем.

Өз жерімде кеудемде өрілді өлең,
Жерімді мен қазынам, кенім дер ем.
Жерден шыққан батырдай Желім деген,
Жерден қуат алады менің денем.

Жиі есінен шыққанмен дарақының,
Бәріңнің де қара жер баратының.
Жерден қуат алыпты Антей батыр,
Жерден шабыт алады ал ақының.

Дауа болмай құстардың шаттық үні,
Дүниенің жаныма батты мұңы.
Қара жермен жүремін жолдан шығып,
Мезі қылып асфальттың қаттылығы.

…Қанша кешті өз жерін батырды ойлап,
Терең ойға оянды пақыр бойлап.
Халқым, біздің түсінші күйімізді,
Сезімтал боп жаралған ақын бейбақ.


Алпамыс ФАЙЗОЛЛА еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-