Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алтынай Жорабаева & Жубаныш Жексенулы - Өмір өзен | Текст песни

Сөзі: М. Шаханов
Әні: Ш. Қалдаяқов

Бiз екеумiз бәйшешектей ерте гүлдедiк
Қол ұстасып бакыт жырын шертемiз дедiк
Қарсы жүрiп үйренсек те қар мен жаңбырға
Бiрақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға

Қайырмасы:

Жылдар
Өмiрдiң өзенiмен
Ағады кезегiмен
Сенсiң көңiлi ашық
Менiң ғашық ғасырым
Ертеде де кеште
Тұрасың сен есте
Мен өшсем де өшпе асылым x2

Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда
Қызғанбаймын бас құшақтың отын жақса да
Өмір мынау бақ пен қайғы бірге жарысқан
Ақ тілекпен қол бұлғайды әр кез алыстан

Қайырмасы:

Жалғыз аққу таудан асып қалқып барады
Сағынышын әнге қосып айтып барады
Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде
Мені есіңе ал ауылымнан ұшып өткенде

Қайырмасы:


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-