Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?!
Кеудесіне тұңғиық сыр жасырып,
Қанша ғасыр өтіпті-ау, дүние – жалған.
Араладым талай жер, талай жұртты
Жері құтты жайнаған елі құтты.
Сағынамын, көруге асығамын
Қазағымның киесі - Қазығұртты!
Шопан ата қозысын өргізген жер,
Ойсыл қара ботасын емгізген жер
Қамбар ата құлынын ойнақтатып
Зеңгі бабам бұзауын ергізген жер.
Алтынай Жорабаева Алтын-Ай еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3