Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алтынбек Акпаев - Боз орамал | Текст песни

Боз орамал

Кетпейтін көңілімнен сен бір өлең
Ғашықпын көздеріңе мөлдіреген сәулем
Қып-қызыл емес пе еді орамалың
Жастықтың жалауындай желбіреген сәулем

Қайырмасы
Арайлы таңдарым едің
Аңсаған арманым едің
Өзіңе сағыныш сазын
Арнадым дедім сәулем

Келеді балғың кезің көз алдыма
Аттаған ақ босағаң базарлы ма сәулем
Бояуы солғын тартып гүл дәуренің
Қып қызыл орамалың бозарды ма сәулем

Қайырмасы
Арайлы таңдарым едің
Аңсаған арманым едің
Өзіңе сағыныш сазын
Арнадым дедім сәулем

Атар таң ақ қанатын жазар алда
Қыр төсі гүл жайнайтын кез оралар сәулем
Сағымға араласқан сағыныштан
Жайыңды жүдетті ме боз орамал сәулем

Қайырмасы
Арайлы таңдарым едің
Аңсаған арманым едің
Өзіңе сағыныш сазын
Арнадым дедім сәулем

Алтынбек Акпаев еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 6
Видео
Нет видео
-