Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алтынбек Ташимбетов - Карындасым 2011 | Текст песни

Ерке қыз болып өсіп ең бала күннен,
Жел тербеген бұрымыңды.
Қоштасудың мұңлы жырын оқып тұрсың,
Жанарыңмен.
Сәл нәрсеге бұртиып, назданатын
Ботақаным балғын үнді.
Сол күндерден қалды белгі еске алатын,
Мәз болатын.

Қарындасым,
Өз ұяңнан жыраққа қанат қақтың
Қарлығашым,
Ұзатылдың ұзаққа жүрегімде жаңғырасың
Арылмасын бақыттан бұл өмірде мәңгі басың.

Жат жұрттыққа жаратылған қалқатайым,
Тағдыр бастан жолды айырған.
Бір иіскеп маңдайыңнан,
Мұң өрнегін, тарқатайын.
Ширатада барлығын сынақ әркім,
Қандай қиын қыз балаға
Айнал жаным ізгі анаға, тілек осы
Бұл ағаңның

Қарындасым,
Өз ұяңнан жыраққа қанат қақтың
Қарлығашым,
Ұзатылдың ұзаққа жүрегімде жаңғырасың
Арылмасын бақыттан бұл өмірде мәңгі басың.

Қарындасым,
Ата-анаңның үмітін ақта дәйім
Аппақ айым
Жайраңдай бер, кір шалмай көңіліңді,
Мақтадайым.
Шаттық әніңмен тербе әлемді,
Шаттанайын.

Алтынбек Ташимбетов еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2