Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

АЛШЫ ТОБЫ - Махаббат балладасы (2014) | Текст песни

Махабат балладасы

әні : Гүлнұр Нұрасылова
сөзі : Қуат Қайранбаев

І шумақ :
Әр таң атқан неге сонша арайлы ?
Барша жаннан шуақ нұры тарайды,
Сезімге енген шын ғашықтар неліктен
Мына өмірге іңкәр көзбен қарайды?

Қайырмасы :
Сағыныштан тағат таппай мұндайда
Шын ғашықтар сезімдерін шыңдай ма?
Мәңгі бақи бір болуға серттесіп,
Қол ұстасып қатар жүрер күн қайда?

ІІ шумақ :
Шіркін, жүрек тағат бермей тәніме
Салдым, тағы сағыныштың әніне
Қосыла алмай қиналады неліктен
Жер бетінде ғашықтардың бәрі де?
Азап шегу махаббатың мәні ме?

Қайырмасы :
Місе тұтпай алтынды да жақұтты,
Әр бір күнім өзіңді ойлап атыпты
Қандай ғажап сезім еді махаббат?
Сүйген адам - сүйгені үшін бақытты!

АЛШЫ ТОБЫ еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -