Сен кетіп барасың өзгемен, Мен қалдым үнсіз егіліп. Ешкімді бұлай сүймеген, Жүрегім кетті езіліп.
Жаныңа бара алмадым... Қош деп те айта алмадым! Ішімнен қайталадым, "Сүйем" деп сені жаным!
Қайырмасы: Сенсіз қара күнім, Сенсіз мұңды жырым. Сенсіз мәнсіз жалған, Сенсіз жалғыз қалам.
Қайғы-мұңға салынып, Мен өртеніп жанам ба? Сені мәңгі сағынып, Жалғыздықта қалам ба? (2х) Жүрегімнің жарасы, Ауырып,сыздап барады. Саған деген сезімдерім, Жасқа айналып тамады.
Кеудеме сыймай барады, Өзің деп дүрсілдеп жүрегім. Сен кетіп барасың, Бағы болып өзгенің!