манги жарик кун силаган маган 1 адамбар ол озинсин анам
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған, Бір адам бар ол өзіңсің Ана. Мейірімге бір өзіңнен қанам, Жылуды да жүрегіңнен алам, Ардақты Анам, аяулы Мама.
Суық күнде тоңбады ма деп, Әлде жолы болмады ма деп, Жалғызсырап қалмады ма деп, Мені ойлап қам жемеші Мама. Саған тартқан менің күлгенім, Сенің арқаң шалқып жүргенім, Қасыңдамын әркез біргемін, Мені ойлап қам жемеші Мама.
Сен қуансаң мен бірге қуанам, Саған ғана сенемін жұбанам. Аспандағы ай күнімсің маған, Баға жетпес байлығымсың Ана, Ардақты Анам, аяулы Ана.
Суық күнде тоңбады ма деп, Әлде жолы болмады ма деп, Жалғызсырап қалмады ма деп, Мені ойлап қам жемеші Мама. Саған тартқан менің күлгенім, Сенің арқам шалқып жүргенім, Қасыңдамын әркез біргемін, Мені ойлап қам жемеші Мама. Мені ойлап қам жемеші Ана.