Бір сезім мазалайды жүректің төрін Шыға алмай нәзік сезім жаралы мұңнан Сен келер деп таңдарды күзеттім күнім Шығардай сұлу бейнең күліп алдымнан Қайғысын ғашық жүрек ішіне жұтты Ажарың айдан әсем ақ жүзің айна Күтумен тағат төзім таусылып бітті Сағынтып келмей қойдың қайдасың қайда