Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Аманжолов ღ ☆ - Біз Адаймыз █ ▇ ▆ ▅ ▄ ▃ ▂ | Текст песни

Арманы ғой талайдың арғымағы Адайдың,
Ер қанаты ат деген жоғалған жоқ сол айбын.
Өзен-Ақтау мұнайы сарқылмасын лайым,
Абыройын бұл елдің асқақтатқан Құдайым.

Бекет Ата - Піріміз, ардақтаймыз мұны біз,
Айбындымыз Каспиймен, айдындымыз іріміз.
Қазыналы жер кені кім білмес бұл өлкені?
Бізді қорғап қолдайтын әулиелер мекені.

Бекет Ата - Піріміз, ардақтаймыз мұны біз,
Айбындымыз Каспиймен, айдындымыз іріміз.
Қазыналы жер кені кім білмес бұл өлкені?
Бізді қорғап қолдайтын әулиелер мекені.

Ынтымағы тұрақты қыдыр қонған сияқты,
Жігіттері жүректі, арулары шуақты.
Айдыныңда қазың жүр, жүрегіңде жазың жүр,
Адайыңбыз танысаң, танымасаң өзің біл.

Басталатын тереңнен тарихы бар көнеген,
Бір Алланың қашан да мейіріміне бөленген.
Адай деген алыппыз, қайтпас қайсар халықпыз,
Жамандарға қараңғы, жақсыларға жарықпыз.

Басталатын тереңнен тарихы бар көнеген,
Бір Алланың қашан да мейіріміне бөленген.
Адай деген алыппыз, қайтпас қайсар халықпыз,
Жамандарға қараңғы, жақсыларға жарықпыз.

Бекет Ата - Піріміз, ардақтаймыз мұны біз,
Айдындымыз Каспиймен, айбындымыз іріміз.
Қазыналы жер кені кім білмес бұл өлкені?
Бізді қорғап қолдайтын әулиелер мекені.

Басталатын тереңнен тарихы бар көнеген,
Бір Алланың қашан да мейіріміне бөленген.
Адай деген алыппыз, қайтпас қайсар халықпыз,
Жамандарға қараңғы, жақсыларға жарықпыз.

Другие названия этого текста
  • adai - Біз Адаймыз (0)
  • Аманжолов ღ ☆ - Біз Адаймыз █ ▇ ▆ ▅ ▄ ▃ ▂ (0)
  • Нурахмет Курметов - Біз Адаймыз ♪ (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-