Кездерде кейде қара бұлт айды көктеген Үйіме үнсіз тұнжырап қайғырып келем Талықсып жатып содан соң кетемін ұйыктап, Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем...
Қайырмасы: Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Аққу сындымын бұл күнде айдыны — қырау. Қай жака барып көмермін қайғыны мынау. –Өңіме қарай бір кезек шаппайсың неге Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..
Қайырмасы: Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!