Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ғани Қалменов - Өзіме хат | Текст песни

Өзіме хат

Оңбай тұр ғой, оңбай тұр.
Сабақтың жөні болмай тұр.
Тыныштық кетіп ұйқымнан
Басыма сабыр қонбай тұр...
Бір "он бес мың" теңгеге
Айызым менің қанбай тұр.
Неге менің басымда
Сәттілік оты жанбай тұр?!
Мейлі, оны қоя берш...
Грантым, өзің алдай тұр...
Оңбай тұр-ау, оңбай тұр.
Бағама көңіл толмай тұр.
Ақылға сап, асықпай,
Жағдайды миым, талдай тұр.
Асығыс шешім жасауға
Әй, Ғанеке, бармай тұр.
Оқу қиын екен деп
Көңілге уайым салмай тұр.
Элективің таңдай тұр,
Сабырлық өзің қолдай тұр.
Оқы, тырыс, талаптан -
Қатарыңнан қалмай тұр,
Қатарыңнан қалмай тұр...

Ғани Қалменов еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1