1. Аңсап сені асау сезім мені қинайды, Неге-неге жаным сені қимайды. Сағыныштан алып-ұшқан жүрегім, Тулағанда жүрегіме сыймайды.
2. Бірге жүрген қайда кетті сол бір күндерім, Шын көңіл мен еркелигин, күлгенің. Айтып әнді, сыр бөліскен түндерім, Қайтып енді оралар ма, білмедім...
Қ-сы:
Сағындым ғой сенің балдай қылықтарыңды, Сағындым ғой жылы сөзбен жылытқаныңды. Қаласаң да менің сені ұмытқанымды, Оңай ма ол менің жаныма?! Сол кездегі тәтті өмірді сағына берем, Елегізген ақ көңілді сағына берем, Еркелеген сәттеріңді сағына берем. Еркелеші маған тағы да.
3. Уақыт тілін, бақытты кім өлшеп, санайды?! Жылдан да ұзақ көрем кейде әр айды Откен кундер елеси ойнап санамда Жаным сені, сені ғана қалайды.
4. Сен-жалғызсың, ойым осы менің түсінген, Көп қиналдым сені ұмыту үшін мен. Көрген кезде сен танитын жандарды, \"Сәлем айтып\" жіберемін ішімнен...