Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Аппақ х BaGi - Қимаймын | #KRP | Текст песни

Өзіңді өзгеге қимаймын, қимаймын,
Өзіңсіз жалғанға сыймаймын, сыймаймын.
Аяулым, қинай бермеші, сезіммен ойнай бермеші,
Кетсең, қайрылып келмеші, жаным, кетпеші.

Сезімнің сенімімен ойнағаның жарамады,
Мендегі жүректің бұған төзімі де қалмады.
Мен сені сүйіп едім, осыған кінәлі мен бе,
Жаралы жүректің мұң-қайғысы, әні де менде.
Доғарсаң не етті мені егер шын сүйе алмасаң,
Махаббатты қадірлей өзіңді бағаламасаң?
Тәкаппарланған қыздық қасиетіңде жалған,
Мәжбүр болдым саған сезімменен алысқан.
Мөлдір тұнық көздерің жанымнан сая табады,
Еркелеп күлімдесең жаныма майдай жағады.
Махаббат – мәңгі ертегі сәулесін, нұрын шашқан,
Ботадай көздеріңді қалайша мен ұмыта алам?
Жаным-ау, мен сені ешкімге де қия алмайм,
Сенсіз өмір сүруді елестетіп те көре алмайм.
Болашаққа болжам жасағым да менің келмейді,
Себебі сені, жаным, ешкімге бергім келмейді.

Қ-сы:
Өзіңді өзгеге қимаймын, қимаймын,
Өзіңсіз жалғанға сыймаймын, сыймаймын.
Аяулым, қинай бермеші, сезіммен ойнай бермеші,
Кетсең, қайрылып келмеші, жаным, кетпеші.

Екеуміз – екі түрлі адамбыз,
Сезімге неге мұнша сараңбыз?
Өтуде өмір өзінің ағысымен,
Өткен күндердің бәрі болды жарамыз.
Неге сен мені сонша қинай бересің,
Түнде ұйықтап жатсам, түстеріме кеп енесің.
Қайбір сөзге сенесің, бәрі болды бізге жау,
Қай жаққа қарамасаң да, бізді қоршады дау.
Сүйікті жаным-ау, жүректі басты қырау,
Менікі – қайғыру, сенікі болды жылау.
Ыңғайсыздау сұрау, сен мені сүйесің бе,
Арада ештеңе қалмады, білесің бе?
Өте қиын адамсың, бетперделі жалғансың,
Кімнен үлгі алғансың соншама, сен – жамансың.
Қос теңім сен болғансың, жүректен орын алғасың,
Мен саған сеніп едім, ал сен мені алдапсың.

Қ-сы: (x2)
Өзіңді өзгеге қимаймын, қимаймын,
Өзіңсіз жалғанға сыймаймын, сыймаймын.
Аяулым, қинай бермеші, сезіммен ойнай бермеші,
Кетсең, қайрылып келмеші, жаным, кетпеші.

Аппақ х BaGi еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1