Сағынышты Сарыарқам кеңді аймағым Туған жерім шұрайлы бал қаймағым Ел бағына жаралған кең өлкемнің Күй құшағын тербеткен, ән қойнауын Күй құшағын тербеткен, ән қойнауын
Сарыарқа қайда жүрсем сағынышым Туған өлкем-ән-күйдің тәңірісің Жазиралы даламыз жаралғандай Сенің салған Сарыарқа Әнің үшін
Баянауыл, бір шеті Қарқаралым Қайсыбірін өлкемнің айта аламын Бәрі сыйған бір ғана Сарыарқа Сарыарқам деп толғанып, қайталадым Сарыарқам деп толғанып, қайталадым
Сарыарқа қайда жүрсем сағынышым Туған өлкем-ән-күйдің тәңірісің Жазиралы даламыз жаралғандай Сенің салған Сарыарқа Әнің үшін
Туған өлкем, гүлді өлкем бар осындай Қымбат маған көзімнің қарасындай Қазағымның Сарыарқа егіз аты Домбырамен үндескен даласындай Домбырамен үндескен даласындай