Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Қара сөз еще тексты
Другие названия этого текста
- ### - Әке-Ана (1)
- Фариза Оңғарсынова - Әке (1)
- ♥Фариза Оңғарсынова - Әкем біреу, анам да біреу менің♥ (0)
- - - Әке мен Ана туралы (0)
- Фариза Оңғарсынова - Әкем біреу, анам да біреу менің♥♥♥♥♥ (0)
- Әке туралы - Әке туралы (0)
- Фариза Онгарсынулы - Аке (0)
- Фариза Оңғарсынова - "Ата-ана" (0)
- Қара сөз - Әкешім (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1