. Ассалаумағалейкум, ағаларым Бүлдірген. Ақ жібекпен қайырған жағаларын Бүлдірген. Сіздерге арнап, ағайын, өлең айтсам Бүлдірген. Жаңылдыра сөзімді, бабаларым Бүлдірген.
Қ-сы:
Тауда өскен бүлдірген Қырда өскен бүлдірген Ағаларым болмаса, Қадірімді кім білген? Жаны жайсаң ағайын, Қадіріңді кім білген?
2. Қарағайлы ендеше, қарағайлы, Бүлдірген. Қарағайды көп жылқы аралайды, Бүлдірген. Жақсы – жайсаң осындай бас қосқанда Бүлдірген Бекер қарап отырған жарамайды , Бүлдірген.