Ахау елім, бақыт кешкен күндерім Өтіп кетті соны сезбедім Балғын бала кездерім Ахау елім, елжірейді жүрегім Еске түсіп асыл сөздерің Ахау елім, мөлдір қара көздерің
Қайырмасы: Айналайын, балаңнан елін сүйген-ай Айналайын, балаңнан жерін сүйген-ай Сағыныштан сарғайып, жаны күйгені-ай Елін сүйген сол баланы сағынады кең дала
Ахау елім, сағынамын, білемін Екі айналып қайтып келмесін Өткен күндер елесін Ахау елім, арман қуған кездерім Бақыт болып қайтып келесің Оны сен де білесің
Қайырмасы (3): Айналайын, балаңнан елін сүйген-ай Айналайын, балаңнан жерін сүйген-ай Сағыныштан сарғайып, жаны күйгені-ай Елін сүйген сол баланы сағынады кең дала