Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арайлым - Күтпе | Текст песни

күтпе менен жылы сөз жанды тербер
кешірім де іздеме жүректі емдер
соқпа маған қоңырау үміт етіп
естимін деп ойлама сұлу үндер
көрме мені түсіңнен, көз алдыңнан
кінә тақпа бәрі де өз арыңнан!
алаңдама сен мені жоғалттым деп
құтылдым де махаббат тозағынан!
мені ойлама сол ғашық күнді ойлама
сенің жүзің ойымда тұр ғой дара!
келме енді, жолықпа! кінәлісің!
кіріп жүрсің түсіме қалай ғана?
қиналма енді, мені ойлап мұңға батпа!
өтіріктен бұрмалап сыр да тақпа!
жылатып тастап кеткен күнің үшін
жұбатпаймын мен сені сынған уақта
махаббат ізі қалмай ұшып кетсін
аспанның қамалына түсіп жетсін
сен мен үшін ендігі мінсіз емес
кінәсі көп күнәхар мүсінненсін!
жақсы жансың, жанары жәудіреген
жақсылығың тым таза, жанды жеген
екі жақсы қосылмау үшін бе әлде?
жаман болдың жарығым мәңгі неден?
көп нәрсе жасамадым сенің үшін
жойды ма әлде сондықтан сенім күшін?
бәрін егер айтсаң ғой дәл уағында
мен ақ жаман болар ем сезім үшін.
әттең әттең үнсіздік жолдас саған
менің сөзім дертіңе болмас дауаң
жалғыздықты жазбаған пенделерге
теңің тауып жолдарсың сол жақтан ән
іздемеймін теңімді тереңнен мен
сен орнатқан жараны жел емдеген
жүрегіме жұп іздеп әуре емеспін
серігім бар ғұмырлық өлең деген!

Арайлым еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1