сезім шіркін бір сәтке тыншыған ба күрсінемін тым қатты тұншығам да өмір жайлы ойым көп түнде менің, жылап жатам күлуге ұмтылам да жылап жатад көз кейде, кейде жүрек жырымнан жылу бер деп жүрем тілеп қалғаны бұл ғаламның маған тым жат құлаймын болмаған соң өзің тірек махаббат қажытарын біліппе едім іштей мен қынжылсам да күліп келдім оқуды, ойын, жырды жөн санадым сезімсіз бос өмірді сүріп келдім сыпырып маңдайымның тұнық терін термелеп өткен шақтың шіріктерін махаббат қайғысына толған күйді өтірік күлкі өмірге бұрып келдім енді не? қайта келдің нені ойлап? жүрмекпісің өткенді қайта бойлап сағыныш... қос жүректі тербеттің бе? деміңді тыңдап жатам, айтар ой тап үнсіздік барлығына болмас дауа тұрады бос әлемді қолдап қана сен менің жүрегіме әуен боп кір жүрегімнен ән болып орнап тара өтінем тек қайғыны сезіндірме сезімнен албасты етіп безіндірме мен енді бұрынғыны жасай алман үміттің қажет шоғын өзің үрле! жырыңмен жырларыма жолда хабар күн жетсін жылуыңды қолдан алар көзіңнен тұнық сырды оқиын мен сен келіссең бір күні ол да болар алайда күшің оған жетпес мүмкін мен емес баяғыша аңқау сылқым болғанды ұмытпағам оңайлықпен тапсыруға қорқамын жүрек кілтін өзіңе сын айтуға хақым қанша? айттым бір сыр жүректе жасырғанша мен сізді толық зерттеп көрмесем де, шексіз сүйіп үлгергем ақындарша!