Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арафат x Асылбек - Отпен ойнама | Текст песни

Арафат xАсылбек – Отпен ойнама

Түнімен көз ілмей қиялдайсың,
Менің жан дүниемді біле алмайсың.
Білуге тырыспа, өзім айтып беремін,
Сезерсің сонда ұрынғанын жүрегің.

Жүрексізбін, ешкімді ұнатпаймын,
Жауабы жұмбақ бір сұрақтамын.
Екі сөйлемеймін, ішімде сыр сақтаймын,
Біліп тұрмын, мен әке-шешеңе жақпаймын.

Күнде түнде, күнде-түнде мас,
Жақсы көрме мені, жүрегің әлі жас.
Көз жасың төгіледі менің кесірімнен,
Қажет емеспін саған өшір өміріңнен.

Адалдық деген қасиет өмір сүрмейді менде,
Қалай өзгертпекшісің, қызықсың бір сенде.
Ашығы жүрек жоқ, жүрексіз пендемін,
Менімен болар болсаң, көздеріңде күнде мұң.

Қ/с
Отпенен ойнама, күйесің,
Несіне, не үшін сүйесің?
Қиялыңдағы адам мен емес,
Кеудемде жүрек жоқ, білесің.

Отпенен ойнадың, ойнай бер,
Кінәсіз жаныңды қинай бер.
Менен жауап күтпе ешқандай,
Жыласаң енді жылай бер.

Кайдағы жақсы бала, сен қатты қателестің,
Қыз болсам, мен сияқты жігітті таңдамас едім.
Не дей бересің маған, сөзімнің бәрі жалған,
Ісімнің бәрі xарам, өтінем сенбе маған.

Ғашық болма маған, тапқаның жөн басқа адам,
Мен сияқтылар көп, көзіңді ашшы, терең ойлан.
Тілім улы жылан, жанды жеріңнен шағамын.
Мен сені пайдаланып, артынан тастай саламын.

Құлағыңа кеспені іле беріп шаршадым,
Мен сені алдадым, қайта сүйіп қалдым.
Мүмкіндік бересің ба, сөзіме сенесің ба?
Торыма түсіп, қайта азабыма төзесің ба?

Мен өзім маxаббатқа келгенде адал жігітпін,
Романтикаға жақын сыршыл, ойлы ән жігітпін.
Негізі пәк жігітпін, ол менің ойымша,
Қиял арманым шексіз, шаян белгісі бойынша.

Қ/с
Отпенен ойнама, күйесің,
Несіне, не үшін сүйесің?
Қиялыңдағы адам мен емес,
Кеудемде жүрек жоқ, білесің.

Отпенен ойнадың, ойнай бер,
Кінәсіз жаныңды қинай бер.
Менен жауап күтпе ешқандай,
Жыласаң енді жылай бер.


Арафат x Асылбек еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1