Жаудыраған қарақаттай көзіңде сенің,
Сезілмейді шаттығыңның табы неліктен?!
Жан болдың ба табылмаған өмірде теңің,
Таптың ба әлде қасіреттің бәрін көріктен
Қайырмасы:
Ұғамын қалай, халің де жұмбақ
Айталмадым, айталмадым әнімді жырлай.
Нұрлы бейнең дараланып тұрғандай,
Елестетіп қайыңды сонда.
Тағдыр басқа құлазыған бермеші күнді,
Жабырқасаң жалғыздықты жаның қалай ма?!
Сезбей менің өтермісің сен де сырымды,
Бақытыңды тілеушіңмін жаным қалайда.
Қайырмасы:
Ұғамын қалай, халің де жұмбақ
Айталмадым, айталмадым әнімді жырлай.
Нұрлы бейнең дараланып тұрғандай,
Елестетіп қайыңды сонда.
Нұрлы бір таңымдай, жалындайсың жаным-ай.
Сағымдайсың бұлдырай түсімде кейде...
Нұрлы бейнең дараланып тұрғандай,
Елестетіп қайыңды сонда.
Нұрлы бір таңымдай, жалындайсың жаным-ай.
Сағымдайсың бұлдырай түсімде кейде...
Ардак Балажанова еще тексты
Оценка текста
Как вам текст?
1 out of 5
2 out of 5
3 out of 5
4 out of 5
5 out of 5
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1