1)Қос аққудай жарасқан, Жазылмасын жұбымыз. Армандарға жол ашқан, Жарқырап күніміз. Биіктерге самғайық, Ақ айдынға қонайық. Жұлдыз болып жанайық, Мәңгі бір болайық. Қ-сы: Махаббатым жыр әнім, Сен нұрлы шуағым. Біз алау сезімнің, Сөндірмейік шырағын. Махаббатым тұмарым, Жан сырымды ұғамын. Сен мөлдір бұлағым, Алтыным-ау сенсің жүрек сыңарым. 2) Өзіңді алғаш көргеннен, Жүрек тулап кеудемнен. Қарай бердің сол сәтте, Маған ғашық көздермен. Бұл өмірге ғажайып, Ғашық жырын жазайық. Шырқап әнге салайық, Мәңгі бір болайық. Қ-сы: Махаббатым жыр әнім, Сен нұрлы шуағым. Біз алау сезімнің, Сөндірмейік шырағын. Махаббатым тұмарым, Жан сырымды ұғамын. Сен мөлдір бұлағым, Алтыным-ау сенсің жүрек сыңарым. Улжан Акимхан