БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАРЫНА СЕНЕМІН [СӨЗІ: БУКИРБАЕВА АЙДАНА]
1) БАЛАЛЫҚТЫҢ АШПАЙ ЖАТЫП БАЗАРЫН, ЖАС БОЛСАМ ДА ТАРТТЫМ ӨМІР АЗАБЫН. КӨРІП ТҰРЫП ӨЛІМ-ӨМІР АРАСЫН, АРПАЛЫСТЫМ СЕЗБЕЙ ЖАННЫҢ ЖАРАСЫН. ТАҒДЫР ҚОЙМАЙ БАҒЫНДЫРЫП,ҚАРАТҚАН, БАРДАН ЕНДІ АЙЫРМАҒЫН ЖАРАТҚАН. КӨРДІМ МЕНДЕ ТАУҚЫМЕТІН ТАҒДЫРДЫҢ, ҮЛГІ АЛДЫМ ӨМІР ДЕГЕН САБАҚТАН. Қ\СЫ: АТАР ТАҢЫМ СЕНІМ МЕН ҮМІТПЕН, ӨШПЕЙТІН ЕШ АРЫЛМАС ҮМІТТЕН. АМАЛЫМ ЖОҚ ТАҒДЫРЫМА КӨНЕМІН, БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАРЫНА СЕНЕМІН. 2) ТАҒДЫР ОСЫ БАҚЫТТЫМЫН БІЛЕМІН, БАРҒА ШҮКІР,ТӘУБА ЕТІП ЖҮРЕМІН. БЕРІЛМЕЙМІН,МОЙЫМАЙМЫН ЕШҚАШАН, ОРЫНДАЛАР БАР МАҚСАТЫМ, ТІЛЕГІМ.