Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман Бердалин - Арак пен Қазак туралы | Текст песни и Перевод на русский

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?
Ішпек түгіл, ауызын да шаймаған.
Алла бізге «арам» - деді арақты
Зияны көп болғаннан соң пайдадан.

Арақ деген наннан қымбат ас болып,
Төреге ұқсап, төрде тұрар бас болып.
Бабаларым сұрағанға су берген,
Балалары у беріп жүр қас болып.
Бұл күндері ішіп жүрген арағың,
Бір күндері төгіледі жас болып.
Ертеңіңді ойламайсың есіріп,
Мәз боласың бүгін жүрсең мас болып.
Түзде тойып жүргеннен соң не пайда?
Үйде қатын, балаң жатса аш болып.

Арақ сіңіп, арамданды қу денең,
Кірі кетпес жусаң-дағы суменен.
Пәк қазақтың ақ ниеті жойылып,
Жоқ боп кетті-ау көкке ұшып буменен.
Аз да болсын қуанышқа кенелсең,
Айналаңнан сөз естисің «Жу!» - деген.
Содан кейін дүйім елді шақырып,
Тойғаныңша той жасайсың, бұ неден?
Осылайша туысың мен досыңды,
Жиып алып құрметтейсің уменен.

Арақ үшін азапқа да шыдаймыз,
Бұрын соңды жасамап ек бұлай біз.
Біреу тойды арақ құймай өткізсе,
«Шық бермейтін Шығайбай» - деп сынаймыз.
Қолымызға арақ алып: «Я, Алла!
Ұл-қызымды бақытты ет!» - деп сұраймыз.
Ұл-қызымыз бақытсыз боп кетсе егер,
«Саған, Құдай, не жаздым?» - деп жылаймыз.
Екі жасты сылтау етіп, есіріп
Тост айтатын той жасаймыз бір ай біз.
Арақпенен санаң бір күн сарқылып,
Түзу жерде тік жүре алмай құлаймыз.
«Дастарханға егер арақ қоймасам,
Құдам ертең не дейді?» - деп шулаймыз.
Ағыл-тегіл арақ құйып ақыры,
Құдай емес, құдамызға ұнаймыз.

Арақ сені абыройдан айырар,
Мың сауабың бір тамшымен шайылар.
Арақ ішіп, қартың жүрсе қартылдап,
Жастарыңның бетін кімдер қайырар?
Жетпісіңде жұтып алып жүз грамм
«Жас жігіттен мықтымын» - деп жайылар.
Бата беріп, тойдан кейін тойып ап,
Аяғында сол үшін деп қайырар.

Қызың қызыл, ұлың жүрсе ақ ішіп,
Бір-ақ күнде бастан кетер бақ ұшып.
«Әй» - деп ақыл айтар ата-анаң жоқ,
Қайта бірге арақ ішер қағысып.
Әкесі мен ұлы ішіп керісер,
Екінші күн көз көгеріп, жақ ісіп.
Жастықпенен ішімдікке құмартып,
Бастықпенен кісі өлтірер, қан ішіп.
Күнде-күнде күнә жасап, бұл қазақ
Тозақ жаққа бара жатыр жарысып.

Ақ арақтан бір босамай кесеміз,
Әркімдерге кетіп жатыр есеміз.
Бар өмірің бұлдыр-бұлдыр бірдеңе,
Жын соққандай беймәлім күй кешеміз.
Сол арақтың емес пе еді кесірі,
Үйде отырып бала тапты неше қыз?
Бірақ біздер қалай арақ ішпейміз?
Күнде мас боп жүрсе әке-шешеміз.
Айналайын, ақылы бар ағайын,
Ұлтың менен ұрпақ қамын жесеңіз.
Алдыменен өзің ішпе арақты,
«Балам ертең адам болсын» - десеңіз.

Арақ осы қай адамды бай қылған?
Талайларды түзу жолдан тайдырған.
«Қайран жұртым қайда барып тоқтар?» - деп,
Құнанбайдың баласы да қайғырған.
Арақ ішсең кімге сыйлы боласың?
Мас адамның құны төмен маймылдан.
Ішіп алып үсіп өлсең, ұл-қызың
Өлігіңді тауып алад қай қырдан?

Уағыз айтсам, «қалжың сөз» - деп сенбейсің,
«Өлгеннен соң көрерміз» - деп өрлейсің.
«О дүниеде азап бар» - деп ескертсем,
«Онда барып келіп пе ең?» - деп тергейсің.
Бар ақшаңды жұмсап арақ, сыраға
Қайыршыға бес тиын да бермейсің.
«Осы арақ ауруыма ем» - дейсің,
«Денсаулыққа зияны оның кем» - дейсің.
«Бұл арағың жасалады бидайдан,
Сондықтан да нанмен құны тең» - дейсің.
Тірлігіңде мұның бәрін ойламай,
Тегін жатқан мол сауапты термейсің.
Ішіп жүріп, өлім барын ескермей,
Жетпес жерге қылышыңды сермейсің.
Бірге жүрген туысың мен досыңды,
Өліп қалса, қимасаң да жерлейсің.
Сонда-дағы өлім жайын ойламай
Түсінбейсің, күтеді алдан нендей сын?
Күнің жетсе, сен де бір күн өлерсің,
Ажалыңды күрессең де жеңбейсің.
Мәңкүр-Нүңкір: «Раббың кім?» - деп сұраса,
Сөз таба алмай, сонда сасып терлейсің.
Алған күнің өтіп қайғы-азаппен,
Жәннат баққа жыласаң да енбейсің.
Ішкен әрбір тамшы от боп күйдірсе,
«Неге ит боп жаралмадым мен?» - дейсің.
Өлгеннен соң өкінгеннен пайда жоқ,
Бұл өмірге қайта айналып келмейсің.

Өр басыңның төмендетіп бағасын,
Жұлқыласып жұрттың жыртып жағасын.
Арақ деген туғаныңнан бездіріп,
Алыстатар ағайынның арасын.
Осы арақ «Әй» дегізіп әкеге
Інісіне ұрғызады ағасын.
Қаншама адам кесірімен арақтың
Ұрып соғып әкесі мен анасын.
Қартайғанда сүйреп қарттар үйіне
Қайырылып көрсетпейді қарасын.
Байғұс ана қанша иттік көрсе де,
Сағынады өзі туған баласын.
Күтіп жүрер «Балам келіп қалар» - деп,
«Құлыным» - деп жасырады наласын.
Тым құрыса, немересін сүйе алмай,
Жүрегінің жаза алмай жүр жарасын.
Ана сүтін айырбастап араққа
Қайран қазақ, қайда кетіп барасың?!

Арман Бердалин еще тексты


Перевод Translate.vc



Видео
  • Арак туралы терме Арак туралы терме
    Арак туралы терме. ... егер аракты ешким сатып алмаса, ягни ешким ишпесе онда арак ... Казак жерине бул сидик кайдан келген.
  • Арақ пен Қазақ... Арақ пен Қазақ...
    Арақ пен Қазақ.. ... "Жоқ іздеп жүрмін" (клип)- Арман Бердалин. Қазақша терме - Duration: 12:54. by Асылбек Тулепов 72,182 ...
  • Арман Бердалин - Арақ пен қазақ [поэзия] Арман Бердалин - Арақ пен қазақ [поэзия]
    Вконтакте; http://vk.com/hikmettv Вконтакте: http://vk.com/id255630952 Фейсбук : https://www.facebook.com/hikmet ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2