Арма, Күзім!
Жеттің бе жайдарлы жаз жалғап ізін?!
Келдің бе күңіреніп мұңмен бірге,
Табиғаттың арқалап ар, намысын.
Қара тұман,
Қабат бұлттың су сырғып қанатынан
келіп қалды. Ендігі жер сағынды
Көрпеңді сары алтын жалатылған.
Жел еседі,
«Күзде бұлай болады..» ел өсегі..
Жапырақ жер құшады, мына саған,
Табиғаттың бардайын берешегі.
Жаңылыстым,
Мен мұңның тұнығынан қанып іштім.
Қалықтап жерге қонған әр жапырақ,
Бір белгісі екен ғой сағыныштың.
Жаңылмасын,
Адамның адамдығы тарылмасын.
Күз - емшісі болшы сен сағыныштың,
Үмітсіз ешкім бірді сағынбасын.
Күз – серігім.
Жүрегін ару жаулап жүз серінің,
Осы күзде иманын серік етіп,
Жігіттер ақтасыншы қыз сенімін.
Авторы: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН
Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3