Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Жалған | Текст песни

ЖАЛҒАН

Жалған...
Жалған сөздерің сүйем деген,
Жараланған жүректі күй емдеген.
Саған бүгін ағымнан жарылам да,
Ғалам мұңын бір өзім иемденем.

Ғалам мұңын бойыма көшіремін,
Айым оңсыз туып жүр осы менің.
Ойым мұңды бойымды билеп алды,
Қайың ұғар жайымды досым еді.

Сыңарынан сезімнің сыр бағайын,
Үлесінен бақыттың құр қалайын.
Шындық керек сырымды ақтарайын,
Ақтарайын сырымды тыңда қайың.

Жанашырым жалғыз-ақ жалғандағы,
Ақ, адал бақытым деп армандағы
Түйіп едім, бір жанды сүйіп едім,
Әттеген-ай, бәрі де жалған бәрі.

Кіршіксізім, әппағым ардан-дағы,
Өкінішті сезімнің алданғаны.
Маxаббат бар, жоқ демен, бірақ-бірақ
Өмір жалған, сөз, сезім, жалған бәрі.

Маxаббаттың ұласқан арманға әні,
Жалған-жалған, барлығы жалған, бәрі...

Авторы: Арман Құдайберген

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2