Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман Құдайберген және Керім қыз - Қыз бен Жігіт диалогы | Текст песни и Перевод на русский

Қыз бен Жігіт диалогы

Жігіт:

Күдігімді сейілтіп көңілдегі,
Арманыма айналдың өңімдегі.
Жұлдыз болып құлайын рұқсат ет,
Күнің болып тұрайын көңіңдегі.
Айырады өзіңнен өлім мені.

Керім қыз:

Өңім бе бұл?
Білмеймін, түсінбедім,
Ғайып түстің кім білсін ішіндемін.
Сөзіңізге жүрегім дір етті де,
Ризашылық білдірді түсінгенім.
Түсім мені оятпа, түсін мені...

Жігіт:

Жүрегіңнен айналдым дірілдеген,
Сөз естідің күтпеген бүгін менен.
Мәжнүндердің біріне білінбеген,
Көздеріңде көп сыр бар күлімдеген.
Бағаларсың жігітті гүлім деген.

Керім қыз:

Теңеуіңіз қалмады баламаған,
Бағалаймын, неліктен бағаламан?
Жер бетінің байлығы тең келмейді
Арнап жазса асыл жыр, саған адам,

Жігіт:

Келші қалқам, құшайын құшағыңды,
Арылтайын ал-қызыл құса-мұңды.
Шат-шадыман күндерің көбейсін, деп
Өзің келіп кессеңші тұсауымды.
Айқара аштым Керім қыз құшағымды.

Үкілеген үмітті мен үзбейін,
Көздеріңе көз тастап теңіздейін.
Дүниенің төрт бұрышын шарламастан,
Төрт бөлмелі үйімнен сені іздейін.
Жүрегіңмен жүрегім егіз дейін.

Керім қыз:

Өнері бар бойында есіл ерсіз,
Түсінерсіз, болмаса несіне ерсіз?
Жан емессіз сезімде несібесіз,
Менің өз несібем бар кешіресіз,
Кешірерсіз, болмаса несіне ерсіз?

Жігіт:

Өлеңім мен өнерді бағаладың,
Жараладың, жаныма қарамадың.
Жүректің тілегі ғой, сен деп тұрған
Сезімді алаладың, қаламадың.
Айтшы, басқа қандайын бар амалым?

Атомдай қылды сезім күші мені,
Қиялым өңім емес, түсім еді.
Жүректегі тілекті ашып айтқан,
Батылдық жасағандай ісім еді.
Көңіл бәрін ұғады түсінеді.

Керім қыз:

Сіздегі сезім жалған сезім емес,
Ал, мендегі, сол сезім сағым-елес,
Жүрегіңіз тілегін қабыл алу,
Ренжімеңіз, мен үшін мүмкін емес.

Сарқылмасын жырыңыз жалындаған,
Өлеңіңіз бұрқасын дауыл маған.

Жігіт:

Дос болайық қыл өтпес арамыздан,

Керім қыз:

Сөзіңізді қуана қабыл алам.

Жігіт:

Алғыс айтам Керім қыз тілегіңе,
Сәлем айтқын ақыннан жүрегіңе.

Жанашырың бар екен жаныңда шын,
Сол жанменен бірге бол, сағынбасын.
Қысқасы, жүзге келіп қартайғанда,
Жүрегің мәңгілікке дамылдасын.
Оған дейін сертінен жаңылмасын...

© Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН

#АҚ

Другие названия этого текста
  • Арман Құдайберген және Керім қыз - Қыз бен Жігіт диалогы (1)
  • GUFI.muz - Қыз бен Жігіт диалогы (0)
  • Kairat Gauhara ♥ - Қыз бен Жігіт диалогы (0)
  • Макпал Багаларсын жигиттин созин - Жандос рахмет! (0)
  • Арман және Сымбат - Қыз бен Жігіт диалогы (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-