Жыл басы – НАУРЫЗ !
Жақсылықты жалғайтұғын үмітпен,
Самарқанның көк тасын да жібіткен.
Жаңа жылдың, жаңа күннің бастауы,
Наурыз келді, арылалық күдіктен.
Араз жандар өкпе-реніш тиылсын,
Ен далаға адам ұлы жиылсын.
Жылдың басы Наурыз тойы тойлансын,
Кеселерге Наурыз көже құйылсын.
Кешіріңдер бір-біріңнің қатеңді,
Өшіріңдер араздасу жат енді.
Құттықтап қой Жаңа жылмен анаңды,
Құттықтап қой Наурызымен әкеңді.
Құттықтағын аға-іні, бауырды,
Кіндік кескен, туып-өскен ауылды.
Құттықтағын кезіктірген әр жанды.
Құттықтап қой «Қазақ» деген қауымды.
Наурыз мені асық қылып қойғансың,
Алтыбақан, көкпар ойын ойналсын.
Теңге ілсін, қыз да қусын қазағым,
Жылдың басы Наурыз тойы тойлансын.
Жүректерге ақ тілекті жалғаңдар,
Бір-біріңнен басып озып, қалмаңдар.
Жанашырға жақсы тілек арнаңдар,
Орындалсын Құдай берген Армандар !!!
© Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН
Арман Құдайберген еще тексты
Другие названия этого текста
- Арман Құдайберген - Жыл басы - Наурыз (0)
- Айбар Аманжол 11Арман11 - Жыл басы - Наурыз Оригинал (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2