Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман Құдайберген - Майлықожа хақында | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

«ТҰЛҒА» авторлық радиобағдарламасы

Жоба авторы және жүргізуші: Арман Құдайберген

Жобаның мақсаты: Қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, өлеңі мен өнеріне өлшеусіз үлес қосқан қандастарымыздың еңбегін келер ұрпаққа насихаттау.

Ұзақтығы: 30 минут

Мәтін Әуен
«Жігіттің көркі-өнері»,
Жақсылардан шыққан сөз,
Алтынды-гауһар бедерлі.
Осы күнде халқымда,
Мәлім болып жалпыға,
Тілдің болдым шебері.
Етпекке кеңес келелі,
Азырақ сөйлеп берелі.
Бақ пен дәулет тең келсе,
Адамның толар кемелі.
Кімдерге бұғау салмаған,
Дүниенің асау белеңі
Біреу үйде отырып,
От басында хош ұрып,
Біреу жаһан кезеді.
Нақлиһатты мысал қып,
Төмендегі айтқан сөз
Майлы ақынның сөзі еді.

Арма ағайын, әуе толқынында «Тұлға» бағдарламасы, микрофон алдында Арман Құдайберген...

Біз бағдарламамыздың алғашқы санын қазақтың қайталанбас суырып
салма ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығына
арнаймыз. Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты, Қожатоғай ауылында 1835 – жылы дүниеге келген Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады.
XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі, оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын беріп кеткен.
Ақын өлеңдерінің көбін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке»,т.б.), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы жайында ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы былай дейді: ЗКТ+Синхрон Аманхан Әлімұлы
Бай адамның қызы Ханапаны Майлықожа алып қашады да, кейінірек өз еліне тұрақтай алмай Бұхара жаққа өтіп кетеді. Бұхарадан қайта оралған соң, ақын өзінің біраз өлеңдерін шығарады.

Ескі мырза, манаптар, бегі, салы,
Балық жыл бастарыңа не күн салды?
Мінуге атын ерттеп ерінгендер,
Қарайып аяқ-қолы егін салды.
Замана алуан-алуан қулық қылды,
Бәрі де күшті жанның ұрлық қылды.
Әркім жүрген жолынан адасты да,
Қаңғырып өзін-өзі бұрлықтырды.
Әкімі жүр ұрыны тиямын деп,
Тіл алмаса желкесін қиямын деп.
Би мен болыс басының пайдасында,
Парасын ап дүниені жиямын деп.
Ұрыларға билер тұр «бере көр» деп,
«Тез мал тауып даладан келе көр», - деп.
Бие сойып аузымды майға толтыр,
Мал иесін біздерге қоя бер» - деп.
Болмағанға болыстың поштасы жүр,
Шаршатпаққа жол-жолда тоспасы жүр.
Ұрлық қылған жігіттер – тау түлкісі,
Болыспенен мал беріп достасып жүр.

Майлықожа бұл шығармаларында Қоқан хандығына қарсы күрескен ерлердің ерлігін, аштық жылдардағы қазақ шаруашылығының күйзелісін, би - болыстардың ел жегіштік мінездерін, махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзету, еңбекке, елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілікті, сондай-ақ егіншілік кәсіпті жырлайды. Ақынның бұл шығармаларында терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық та айқын көрініп отырады.

Назарларыңызға, Майлықожа ақынның «Дүниеге мейман көңілім» термесін Мейрамбек Бесбаевтың орындауында ұсынамыз. Қабыл алыңыздар! Ән: «Дүниеге
мейман көңілім»
Мейрамбек Бесбаев
Уа, замана, дауылсың,
Қыдыра көшкен ауылсың,
Тоқым салмай жайдақтап
Әркім мінген жауырсың!
Уа, замана, бөрісің,
Кедейдің шықпас төрісің,
Ата-бала тартысқан
Қызықты көкпар терісің!
Уа, замана, ескісің,
Ертеңгі білмес кешкісін,
Кедейлердің өткіздің
Шегене айдап ешкісін...

Уа, замана, қырланған,
Аунаған жерің сырланған.
Не төбелер бос қалып,
Не ерлер келіп құрланған.
Басы бүрлі бәйтерек –
Бұлтқа жетіп ырғалған,
Жеткен күні бір ажал –
Ара салып түбінен
Жермен жексен бір қылған!

Майлықожа 20 жасынан бастап ел ақындарымен кездесіп, кейін өзінің сауатын кеңейтіп, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып,таратуға қол жеткізді. 1860 жылы Сыр өңірінен қазіргі Таразға келіп,Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағыстырған. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Ақынның «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» сынды бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Ақын ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.
Шығармаларының тақырыптық аясы кең. Қоғамдық құбылыстарды
терең ашып көрсетіп, күрделі дүниетанымдық көзқарастар иірімдерін танытатын туын


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-