Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Қоштасқым келмеп еді... | Текст песни

ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕП ЕДІ

Қоштасқым келмеп еді,
Ұмытпаймын, ұмытпа сен де мені,
Маxаббат пен құштарлық бір келеді,
Бірге келеді екеуі бірге өледі.
Жұмыр жүрек өлтірмей тұр денені.

Сағындырсам сағынба, сағындырма,
Жылдарым-ай жолымнан жаңылдырма.
Тұмарым деп білемін сезіміңді,
Құмар жүрек сүюге, жаным нұрға.

Мені күтіп мен туған дала жатыр,
Паравоз да қозғалып бара жатыр.
Сан уақыттың сынағын басып өтіп,
Сен бақытты боласың қара да тұр.

Қайран жүрек қан жұтып, қоздануда,
Вогондар да теңселіп, қозғалуда.
Сұранамын қалқатай жыламағын,
Уақыт мені өзіңнен қызғануда.

Үкілеген үмітің үзілмесін,
Маxаббатың маздаған көз ілмесін.
Сезінерсің ғашықтық ғаламатын,
Кезігерсің саналы сезімге шын.

Ал, маған кету керек, босқа налып
Мұңайма жанарыңды жасқа малып.
Күл-ойна өз өмірің өз қолыңда,
Құдайға тапсыр мені, қоштасалық.

Қоштасқым келмеп еді,
Ұмытпаймын, ұмытпа сен де мені.
Алыстатып барады мені сенен,
Рельстер мен пойыздың дөңгелегі.
Қоштасқым келмеп еді...
Қооооош...

Авторы: Арман Құдайберген


Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2